Accessibility links

Тарасовтар Жоғарғы сот төрағасымен кездестіруді талап етті


Ерлі-зайыпты зейнеткерлер Владимир және Валентина Тарасовтар Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановпен кездестіруді талап етіп тұр. Астана, 11 шілде 2018 жыл.
Ерлі-зайыпты зейнеткерлер Владимир және Валентина Тарасовтар Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановпен кездестіруді талап етіп тұр. Астана, 11 шілде 2018 жыл.

Шығыс Қазақстан облысында тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлер Владимир және Валентина Тарасовтар Астанаға тағы барды. 77 жастағы Владимир мен 72 жастағы Валентина Тарасовтар 2013 жылы ұлдары Григорий Тарасовтың қайтыс болғанына байланысты қылмыстық істі тергеудің тоқтатылғанына келіспейді. Зейнеткерлердің пікірінше, ұлдарын қастандықпен өлтірген. 11 шілдеде олар Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановпен кездеспекке жоғарғы сотқа тағы барды.

7 маусымда Жақып Асанов зейнеткерлермен кездескен. Владимир Тарасовтың айтуынша, Жақып Асанов іс материалдарымен танысып, кісі өлімі болғанын айтқан. Бірақ зейнеткерлер 27 маусымда жоғарғы соттан "қылмыстық істің жабылғаны дұрыс" деп тұжырған анықтама алғанын айтады.

"Судья бізді қабылдады, онымен екі сағаттай уақыт әңгімелестік. Бірақ біз жоғарғы сот төрағасының өзі қабылдауын сұрадық. Ол бетпе-бет кездескенде басқалай сөйлейді, іс жүзінде басқа. Біз оның барлығы жақсы болады дегеніне сендік. Ал мұнда заңсыздық орнаған. Тергеушінің 20 қаулысында ұлымыздың кісі қолынан өлгені айтылады, ал мұнда оның барлығын жоққа шығарып отыр" деді бүгін Владимир Тарасов Азаттық тілшісіне.

Зейнеткерлердің сөзінше, олар Жақып Асанов өздерін қабылдамайынша, жоғарғы соттан кетпек емес.


2013 жылы 23 ақпанда 39 жастағы Григорий Тарасов моншада қайтыс болған. Тергеушілер оны жазатайым көз жұмған деп санайды. Бірақ туыстары оны кісі қолынан қаза тапты деп біледі. Тергеу тобының басшысы Талғат Ібікенов 2017 жылы 3 тамызда қылмыстық істі тоқтатқан. Тарасовтар оның шешіміне шағымданғанымен, алғашқы инстанция соты мен апелляциялық сотта жеңілген. Григорий Тарасовтың өліміне қатысты жүргізілген тәуелсіз сараптама "моншаның жылыту қазандығы өздігінен жарылмаған, оны жаруға айғақтарды жойып жіберу мақсатымен сырттан ықпал еткен" деген қорытынды шығарған.

Тергеу тобының басшысы Ібікенов бұған дейін де істі тоқтатқан еді, бірақ Тарасовтар қарсылық акцияларын өткізіп және мемлекеттік органдарға жүгініп, тергеуді қайта бастатқан.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG