"Қазгидромет" орталығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12-13 шілдеде Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарында күн ысып, ауа температурасы +41 градусқа дейін барады.
Орталық "12-13 шілдеде Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Қостанай облысында, керісінше, күн күркіреп, бұршақ жауады" деп болжайды.
Өткен аптада Қазақстанның батыс, оңтүстік аймағы мен Алматы қаласында күн ысып, +45 градус болған.
ПІКІРЛЕР