Accessibility links

Қажылыққа баратындар "менингококк екпесін алуы тиіс"


Мекке қаласы. Көрнекі сурет.

Сауд Арабиясына қажылыққа баратын қазақстандықтар екпе алуы тиіс. Бұл туралы 11 шілдеде елдің қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

"Қажылыққа барар алдында менингококк инфекциясына қарсы екпе салдыру қажет және қолдарында екпе алғаны туралы анықтама болуы тиіс" деді Бекшин.

Комитет төрағасының айтуынша, бұл - Сауд Арабиясы денсаулық сақтау министрлігінің талабы. Менингококк инфекциясына қарсы екпені Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы, Астана қалаларында алуға болады. Қажылыққа Қазақстаннан шамамен 3-4 мың адам барады. Қажылық 19 тамызда басталады.

Биыл мамырда Алматы қаласында менингококк инфекциясынан бес адам (екеуі - балалар), Алматы облысында үш адам, Қызылорда облысында бір адам қайтыс болғаны хабарланған.

Денсаулық сақтау министрлігі жыл басынан бері менингококк инфекциясымен 58 адамның ауырғанын, оның 12-і дерттен көз жұмғанын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 14.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:40 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG