Accessibility links

Хорватия құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты


Марио Манджукич жеңіс голын салған сәт. 11 шілде 2018 жыл.
Марио Манджукич жеңіс голын салған сәт. 11 шілде 2018 жыл.

Футболдан Хорватия құрамасы Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты. Олар 11 шілдеде өткен жартылай финалда Англия құрамасын жеңді - 2:1. Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойынның 5-минутында Англия сапынан Киран Триппьер гол салса, 68-минутта Иван Перичич есепті теңестірді. Ал қосымша уақытта Хорватия ойыншысы Марио Манджукич (109-минут) Англия қақпасына жеңіс голын салды.

Енді Хорватия финалда Франциямен кездеседі. Ойын 15 шілдеде Мәскеуде өтеді. Ал Англия Бельгиямен қолаға таласады. Бұл матч 14 шілдеге жоспарланған. Бельгия мен Англия топтық кезеңде ойнап, 1:0 есебімен Бельгия жеңіске жеткен.

Хорватия алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты. 1998 жылғы әлем чемпионатында Франция әлем чемпионы атанса, Хорватия қола алған. Екі ел 1998 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында кездесіп, 2:1 есебімен Франция жеңген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG