Accessibility links

СІМ: Мәскеуде күдікті қазақстандық екі айға қамалды


Қазақстан сыртқы істер министрлігі (Көрнекі сурет).
Қазақстан сыртқы істер министрлігі (Көрнекі сурет).

Мәскеуде Қазақстан азаматы Жасұлан Құдайбергенов университет оқытушысына пышақ салды деген күдікпен екі айға қамалды деп хабарлады жергілікті агенттіктер.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, сот Құдайбергеновті "денсаулыққа қасақана зардап келтіру" деген бап бойынша тергеу аясында 30 тамызға дейін қамауға алған.

Бұған дейін ресейлік ТАСС агенттігі 1992 жылы туған Жасұлан Құдайбергеновтің 29 маусым күні Мәскеудің Бауман атындағы мемлекеттік техникалық университетінің оқытушысына пышақ салды деген күдікке ілінгенін хабарлаған. Агенттік ақпаратына қарағанда, күдікті маусымның басында университеттен оқудан шығарылған. Зардап шеккен оқытушы ауруханаға түсіп, оқиға бойынша іс қозғалған.

Айбек Смадияров қамаудағы Қазақстан азаматына қазақстандық дипломаттардың барып қайтқанын, күдікті өзін ұстау тәртібі мен денсаулығына қатысты шағымданбағанын айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG