Accessibility links

Петропавлда жүздеген православ крест шеруін өткізді


Петропавлдағы православтардың крест шеруіне қатысушылар. 12 шілде 2018 жыл.
Петропавлдағы православтардың крест шеруіне қатысушылар. 12 шілде 2018 жыл.

Петропавлда православтар христиан әулиелері Петр мен Павел күнін атап өтіп жатыр. Осыған орай шілденің 12-сі күні қалада Петр мен Павелді еске алуға арналған крест шеруі ұйымдастырылды. Православтар таңертең Петр мен Павел соборының алдына жиналып, Коминтерн көшесінен бастап шерулетіп жүрді. Қатысушылар облыс орталығының алты көшесін жүріп өтіп, қаланы сумен аластап шықты.

Мереке күні қалаға Павлодар және Екібастұз епископы Варнава, Көкшетау және Ақмола епископы Серапион да келді.

Петр мен Павелді еске алуға арналған шара әулиелер ғибадатханасының алдында аяқталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шеруге барлығы 2 мың 500-ден астам адам қатысты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG