Accessibility links

Агенттік: Астана әкімінің орынбасары тергеліп жатыр


Сергей Хорошун, Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
Сергей Хорошун, Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның үстінен соталды тергеу басталды деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин.

Астанада өткен брифингте сөйлеген Нұрлан Жахин Сергей Хорошунның үстінен Машуров есімді азаматтан арыз түскенін айтты. Машуров арызында "Тамыз Инвест Груп" компаниясының басшысы болып тұрған кезінде Хорошунға "қамқорлық танытқаны" үшін мүлік бергенін айтқан. Агенттік қазір арыз бойынша Машуровтың дәлелдерін тексеріп жатыр.

Агенттік өкілі тергеу мүддесіне сай тексеру жайлы толық ақпарат бере алмайтынын айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG