Accessibility links

Порошенко: Трамппен кездесуіме көңілім толады


Украина президенті Петр Порошенко брифинг өткізіп тұр. Брюссель, 12 шілде 2018 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко брифинг өткізіп тұр. Брюссель, 12 шілде 2018 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко 12 шілде күні Брюссельде брифинг өткізіп, НАТО саммиті аясында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескенін хабарлады. Порошенко кездесу жайлы егжей-тегжейлі айта алмайтынын, бірақ Трамппен "өте ашық әңгімелескенін" айтты.

Порошенко "Украинаға ерекше көңіл бөлінеді, себебі АҚШ президенті Дональд Трамп Хельсинкиге кетпес бұрын онымен сөйлесіп алдым. Ееуара әңгімеге көңілім толады" деді.

16 шілдеде Хельсинкиде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин кездеседі. Келіссөзде Украина мен Сириядағы қақтығыс, стратегиялық қару-жарақтан арылу сияқты мәселелер талқыланбақ.

Хельсинки саммитінің қарсаңында Азаттыққа сұхбат берген Украина президенті Петр Порошенко мен премьер-министр Владимир Гройсман Путин Трампты Қырымның аннексиясын мойындауға көндіруі мүмкін деп алаңдайтынын айтқан. Порошенко мен Гройсман "Путин мен Трамп ауқымды келісімге келіп, соның нәтижесінде Вашингтон Украинаны Ресейдің ықпал ету аймағы деп тануы ықтимал" деп болжайды.​

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG