Accessibility links

Трамп Путин туралы: Ол менің досым да, дұшпаным да емес


Дональд Трамп, АҚШ преиденті. Брюссель, 12 шілде 2018 жыл.
Дональд Трамп, АҚШ преиденті. Брюссель, 12 шілде 2018 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп 16 шілдеде Хельсинкиде өтеді деп жоспарланған Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуіне қатысты журналистер сұрақтарына жауап берді. Трамп "Ол (Путин - ред.) менің досым емес, мен оны жақсы білмеймін әрі ол менің дұшпаным да емес. Ол жай ғана Ресейдің президенті", – деп мәлімдеді.

Дональд Трамп Еуропаға сапары кезінде Владимир Путинмен кездесу әлдеқайда жеңіл өтетін сияқты деп топшылап, әрі ол досына айналуы мүмкін деп үміттенеді. Трамп НАТО бойынша одақтас елдер басшылары өзінің Путинмен кездесуін қолдайтынын айтты.

Қырымға қатысты сұраққа жауабында Трамп түбек өзіне дейінгі президент Барак Обаманың кезінде аннексияланғанын тағы қайталады. "Мен мұндай оқиғаға жол берер ме едім? Жоқ, жол бермес едім. Енді Қырымның жағдайы қалай болатынын мен айта алмаймын. Бірақ Қырымдағы жағдайға көңілден шықпайды", – деді Трамп.

Ресей және АҚШ президенттері 16 шілдеде Хельсинкиде кездеседі. Владимир Путин мен Дональд Трамп екіжақты ынтымақтастық пен Сириядағы және Украина шығысындағы жағдайды талқылайды деп жоспарланып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG