Тәжікстан мешіттерінің имам-хатибтері бұдан былай міндетті түрде мұражайға барып тұруы тиіс деп мәлімдеді Тәжікстан үкіметі жанындағы діни істер жөніндегі комитеттің баспасөз хатшысы Афшин Муким.
"Діни қызметкерлер отанының тарихын, ата-бабаларының мәдениетін білуі тиіс. Біздің ата-бабаларымыз әлемді тану арқылы түрлі соғыстарды бастап кешіре отырып, мәдениетімізді, тілімізді сақтап қалды. Өз халқыңның тарихын білу өзге халықтың да діни наным-сенімін түсінуге жол ашады",- деді ол.
Таяуда ғана Гиссар қаласының 116 діни қызметкері Душанбедегі ұлттық мұражайға барған. Осыған дейін Душанбе, Вахдат және Варзоб ауданы имамдарына арнап экскурсия жасалған. Биыл Тәжікстандағы төрт мыңға жуық имам-хатибтың бәрі де мұражайға баруға тиіс.
Былтыр Тәжікстанда билік имамдарды театрларға баруға міндеттеген.
Тәжікстан мешіттерінде жұмыс істейтін діни қызметкерлер 2014 жылдан бері мемлекеттік бюджеттен жалақы алады.
ПІКІРЛЕР