Accessibility links

Британ полициясы "Новичок" уының ізі бар құтыны тапқан


Дон Стерджес пен Чарли Роули тұрған үйдің жанында жүрген мамандар. Эймсбери, Ұлыбритания, 6 шілде 2018 жыл.

Ұлыбритания полициясы адамның жүйке жүйесін зақымдайтын "Новичок" деп аталатын улы заттың ізі бар құтыны тапқаны туралы мәлімдеді. Тергеушілер шағын құты маусымның 30-ы күні уланып, ауруханаға түскен Эймсбери қаласының екі тұрғыны – Дон Стерджес пен оның серігі Чарли Роули тұрған үйден тапқан деп хабарланды.

Құтының ішінен қалдығы табылған затты Портон-Даундағы химиялық лабораторияда зерттеген. Мамандар құтыдағы зат пен биыл наурызда Солсбери қаласында әкелі-балалы Сергей және Юлия Скрипальдар зардап шеккен "Новичок" уын салыстырып, зерттеп жатыр.

44 жастағы Дон Стерджес шілденің 9-ы күні ауруханада қайтыс болған. Оның өлімінен соң Ұлыбритания билігі кісі өлімі туралы қылмыстық іс қозғаған.

Оқи отырыңыз: Ұлыбританияда "Новичок" затымен уланған әйел қайтыс болды

Ауруханада ес-түссіз жатқан 45 жастағы Чарли Роулидің осыдан бірнеше күн бұрын есін жиғаны туралы хабарланған болатын. Солсбери қаласындағы дәрігерлер оның халі ауыр екенін айтқан.

Наурыздың 4-і күні Солсбериде Ресей Сыртқы барлау қызметінің бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен қызы Юлия уланып, ауруханаға жеткізілген. Лондон олардың СССР тұсында жасалған "Новичок" уынан уланғанын айтып, қастандықты Кремльден көреді. Мәскеу бұған қатысы барын жоққа шығарады.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Қыз алып қашу: қылмыс әлде дәстүр?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00
Қыз алып қашу

Қылмыс әлде дәстүр?

XS
SM
MD
LG