Accessibility links

Ұлыбритания патшайымы АҚШ президентімен кездесті


АҚШ президенті Дональд Трамп (ортада) пен жұбайы Мелания Ұлыбритания патшайымы екінші Елизаветамен (оң жақта) бірге. Виндзор сарайы, 13 шілде 2018 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (ортада) пен жұбайы Мелания Ұлыбритания патшайымы екінші Елизаветамен (оң жақта) бірге. Виндзор сарайы, 13 шілде 2018 жыл.

Ұлыбритания патшайымы екінші Елизавета жұма күні Винздор сарайында АҚШ президенті Дональд Трампты қабылдады. Трамппен бірге кездесуге АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп та барды.

Президент Трамп британ патшайымымен алғаш рет ресми кездесіп отыр. Британ патшасы тағында отырғанына 66 жыл болған 92 жастағы екінші Елизавета Трампқа дейін АҚШ-тың 11 президентімен кездескен. Соңғы жылдары шетелге шығуды қойған патшайым жоғары мәртебелі шетелдік қонақтарды өз сарайында қабылдап жүр.


Патшайыммен кездесуден кейін АҚШ президенті мен жұбайы Шотландияға барды. Трамп шілденің 16-ы күні Хельсинкиде Ресей президенті Владимир Путинмен кездеспек.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG