Accessibility links

Ресей Сыртқы істер министрлігі АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллердің ресейлік әскери барлаудың 12 қызметкеріне айып тағу туралы шешімін сынады. Вашингтондағылар "2016 жылғы Америка президенті сайлауына Ресей араласқан" деген ескі өтірікті қайта қопсытуға барын салуға тырысып жатыр делінген Ресей СІМ сайтында жарияланған комментарийде. Ондағы мақсат – АҚШ пен Ресей саммиті алдында ахуалды бүлдіру деп санайды Мәскеу.


Бұған дейін АҚШ бас прокурорының орынбасары Род Розенстайн АҚШ президенті сайлауына Мәскеудің араласуына байланысты Ресей Бас барлау басқармасының (ГРУ) 12 қызметкеріне айып тағылғаны туралы шешімді жария еткен.

11 баптан тұратын 29 беттік айыптау қорытындысында ресейлік әскери барлау қызметкерлеріне қандай айыптар тағылғаны тәптіштеп жазылған.

Реседің АҚШ сайлауына араласқаны жайлы айыптауларды Кремль бұған дейін бірнеше рет үзілді-кесілді жоққа шығарған. Қазір Ұлыбританияда сапармен жүрген АҚШ президенті Дональд Трамп шілденің 16-сы күні Хельсинкиде Ресей президенті Владимир Путинмен кездеспекші.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG