Accessibility links

АҚШ Ұлттық барлауы басшысы жаңа қатерлер жайлы айтты


АҚШ Ұлттық барлауы директоры Дэн Коутс.
АҚШ Ұлттық барлауы директоры Дэн Коутс.

АҚШ Ұлттық барлауы директоры Дэн Коутс Құрама Штаттардың ақпараттық инфрақұрылымының маңызды элементтеріне қатер төніп тұрғаны туралы ескертті. Оның сөзінше, "дабылдың қызыл белгілері тағы іске қосылып", "АҚШ-тағы нысаналарға қарсы кибершабуылдар" жасалып жатыр.

Әсіресе Ресей, Қытай, Иран мен Солтүстік Корея белсенділік танытып отыр деп санайды Коутс. Ол Ресейді америкалық демократияны шайқалтуға тырысуын жалғастырып "ерекше озбырлық" танытатын ел ретінде атаған.


АҚШ Ұлттық барлауы директоры қазіргі жағдайды Нью-Йорк пен Вашингтонға қарсы террорлық шабуылдар жасалған 2001 жылғы қыркүйектің 11-іне дейін қалыптасқан ахуалмен салыстырды деп хабарлайды "Америка дауысы".

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG