Accessibility links

Финляндия Трамп пен Путин кездесуі жайлы парақша ашты


Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың бейнелері саынған қуыршақтар кітап дүкені сөресінде. Хельсинки, 9 шілде 2018 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың бейнелері саынған қуыршақтар кітап дүкені сөресінде. Хельсинки, 9 шілде 2018 жыл.

Финляндия сыртқы істер министрлігі АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің шілденің 16-сы күні Хельсинкиде өтетін кездесуі туралы алдын ала ақпаратты хабарлады. Кездесу Хельсинидегі президент сарайында өтеді. Финляндия президенті Саули Ниинистё АҚШ пен Ресей лидерлерімен сәлемдескеннен кейін сарайдың готикалық залында Трамп пен Путин өзара әңгімеге кіріседі.

АҚШ пен Ресей президенттері кездесуінің хроникасы #HELSINKI2018 тегімен жарияланатын болады.


Бұған дейін ресейлік "Коммерсантъ" басылымының АҚШ мемлекеттік құрылымындағы екі дерекккөзі ресейлік тараптың америкалықтарға саммит қорытындысы бойынша біірлескен мәлімдеменің жобасын тапсырғаны туралы хабарлаған. Басылым дереккөздерінің айтуынша, Вашингтон бірлескен мәлімдеменің ресейлік жобасын негізге алуға әзір болған, бірақ АҚШ тарабына мәлімдемеде Ақ үйдің "2016 жылғы президент сайлауына ресейлік арнайы қызметтің килігуіне" байланысты алаңдаушылық білдіретіні көрініс тапқаны маңызды болып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG