Accessibility links

Twitter ресейлік агенттерге қатысы бар парақшаларды бұғаттады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Twitter әлеуметтік желісі әкімшілігі АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллер 2016 жылғы Америка президенті сайлауына араласқан деп айып таққан 12 ресейлік агентпен байланысты екі аккаунттың бұғатталғаны туралы хабарлады. Желі әкімшілігінің мәлімдеуінше, шілденің 13-і күні АҚШ Әділет министрлігі жариялаған айыптау қорытындысында аталған @DCLeaks_ және @Guccifer_2 тіркеу парақшалары қызметін тоқтатқан.

Жұма күні АҚШ билігі ресейлік барлаудың 12 офицеріне АҚШ Демократиялық партиясының электронды поштасын бұзып кіріп, 2016 жылғы президенттік сайлау науқаны кезінде хат-хабарламалар мен өзге де ақпаратты ұрлаған деген айыптар тағатыны туралы жариялаған.


Айыптау қорытындысында ресейлік офицерлердің «Конгрестің Демократиялық комитетінің, Ұлттық Демократиялық комитет пен президенттікке кандидат Хиллари Клинтонның сайлау штабының компьютерлік желілеріне бұзып кіруге үнемі әрекет жасағаны» айтылған.

Әділет министрлігінің мәлімдеуінше, ресейлік офицерлер ақпаратты интернетте DCLeaks және Guccifer 2.0 деген атпен таратқан.

Кремль АҚШ сайлауына араласқаны туралы айыптауларды жоққа шығарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG