Accessibility links

АҚШ: Ресей хакерлері сайлауды нысанаға алып отыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі басшысы Кирстен Нильсен елдің сайлау жүйесінің элементтері ресейлік хакерлер шабуылына қарсы тұруға бұрынғысынша әлсіз болып отыр деп санайды.

Штаттар вице-губернаторлары алдында сөйлеген сөзінде Нильсен америкалық барлау қауымдастығы елдің "сайлау инфрақұрылымы элементтеріне қарсы бағытталған түрлі құрылымдардың қаскөйлік іс-әрекеттерін үнемі бақылап" отырғанына назар аударды. Оның сөзінше, "Америка сайлауының нәтижесіне ықпал ету міндеті жүктелген мемлекеттік және мемлекеттік емес кибершабуылдаушылар мен тролльдер сайлауларды басымды нысанасы етіп отырғаны даусыз".


Сонымен бірге Нильсен алдағы қарашада өтетін Конгресс сайлауы қарсаңында Ресейдің істеп жатқан шаралары көлемі жағынан 2016 жылғы АҚШ президенті сайлауы кезінде жасалғанмен салыстыруға келмейтінін айтқан. Оның пікірінше, бұл шаралар нақты саясаткерлер немесе партиялардан гөрі америкалық сайлаушыларды бағыттан адастырып, арасына іріткі салуға бағытталып отырғанға ұқсайды.

Жұма күні АҚШ Әділет министрлігі ресейлік әскери барлаудың 12 қызметкеріне 2016 жылғы Аамерика президенті сайлауына араласып, кибершабуылдар жасап, Демократиялық партия қарсыластары жағында әрекет еткені үшін айыптар тағылғанын жариялаған.

Мәскеу АҚШ сайлауына араласқаны туралы айыптауларды жоққа шығарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG