АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Пампео Құрама Штаттар президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің шілденің 16-сы күні Хельсинкиде өткелі отырғар кездесуі Америкаға «пайда әкеледі» деп біледі.
Жұма күні АҚШ бас прокурорының орынбасары Род Розенстайн 2016 жылғы АҚШ президенті сайлауына араласуына байланысты 12 ресейлікке ресми айып тағылатыны туралы жариялаған. АҚШ тергеушілері ол адамдарды Ресей Бас барлау басқармасы (ГРУ) агенттері деп сипаттаған.
Розенстайнның мәлімдемесінен кейін АҚШ-тың кей саясаткерлері, мәселен, Сенаттағы демократтар жетекшісі Чак Шумер президент Трампты Путинмен кездеспеуге шақырған. Сонымен бірге Хельсинкидегі саммитте Ресейдің сайлауға араласуын негізгі тақырып етіп алуға шақырғандар да болды. Сенаттағы бір топ демократ Трампқа хатында оны Путинмен оңаша келіссөз өткізуден бас тартуға үндеген.
Мемлекеттік хатшы Помпео Хельсинкидегі саммит жоспарға сәйкес өтетінін және Трамп пен Путиннің кездесуі «өте маңызды» екенін мәлімдеді деп хабарлайды CNN.
Бұған дейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс Хельсинкидегі саммит жоспарланған уақытта – шілденің 16-сы күні өтетінін растаған.
ПІКІРЛЕР