Accessibility links

Мэй: Трамп бізге Еуроодақты сотқа беруді ұсынды


Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй (оң жақта) және АҚШ президенті Дональд Трамп. Лондон, 13 шілде 2018 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй (оң жақта) және АҚШ президенті Дональд Трамп. Лондон, 13 шілде 2018 жыл.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй АҚШ президенті Дональд Трамптың оған Ұлыбританияның Еуропа Одағы құрамынан шығуына қатысты келіссөздер кезінде Еуроодақты "сотқа бер" деген кеңес айтқаны туралы мәлімдеді.

Бұған дейін, шілденің 13-і күні Мэймен бірге өткізген баспасөз мәслихаты кезінде Трамп өзі жасаған ұсынысқа британ премьері тым "қатыгез" деп баға бергені туралы журналистерге айтқан болатын.

Шілденің 15-і күні ВВС тілшісінің Трамптың қандай ұсыныс жасағаны жайлы сұрағына Тереза Мэй: "Ол маған Еуропа Одағын сотқа беруің керек деді. Келіссөздерге бармай, оларды сотқа бер деді" деп жауап қайтарды. Сонымен бірге Мэй: "Президент бұған қоса сол баспасөз мәслихатында: "Келіссөзден кетпеңіздер, әйтпесе тығырықта қаласыздар!" деп те айтты" деп нақтылаған.


Ұлыбритания Еуропа Одағы құрамынан келер жылғы наурыздың соңына дейін шығуы тиіс. 2016 жылы маусымда өткен референдум нәтижесі бойынша, британ азаматтары азғана басымдықпен осындай шешім қабылдаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG