Accessibility links

Израиль Газа секторына әуеден соққы берді


Израиль күштерінің әуе соққысынан кейін Газа секторында әуеге көтерілген түтін. 14 шілде 2018 жыл.
Израиль күштерінің әуе соққысынан кейін Газа секторында әуеге көтерілген түтін. 14 шілде 2018 жыл.

Израиль әскери әуе күштері ел аумағын зымыранмен атқылауға жауап ретінде сенбі күні Газа секторындағы ХАМАС радикалдық тобының ондаған нысанына соққы берген.

Израиль әскерилерінің мәлімдеуінше, нысанаға Газа секторындағы ХАМАС нысандары, соның ішінде қарулы құрылымдарының штаб-пәтері, қоймалар мен тоннельдері алынған. Ақпарат агенттіктері, сенбі күні кемінде екі палестиналықтың қаза тапқаны туралы хабарлады. Израильді зымыранмен атқылау салдарынан үш адам зардап шеккен.


Бақылаушылардың айтуынша, бұл Израильдің Газада 2014 жылы жүргізген операциясынан бергі кезеңдегі ең қатты шиеленіске айналып отыр. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху әуе соққылары ХАМАС тобына елеулі шығын әкелгенін мәлімдеп, егер Газа секторынан Израильді атқылау қайта жалғасатын болса оған жауап ретінде бұдан да қарқынды соққы жасалатыны туралы ескертті.

Газа секторын бақылайтын ХАМАС тобы бұған дейін Израильді атқылауға жауапкершілікті алатынын мәлімдеп, оны Израильге жасалған "ескерту" деп атаған. Әдетте зымыранмен атқылауға жауапкершілікті палестиналық кішігірім топтар алатындықтан, ХАМАС тобының бұлайша мәлімдеуі - сирек болатын жағдай деп хабарлайды Reuters агенттігі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG