Accessibility links

Франция - әлем чемпионы


Франция құрамасы жеңіске жеткен сәт. 15 шілде 2018 жыл.
Франция құрамасы жеңіске жеткен сәт. 15 шілде 2018 жыл.

Ресейде футболдан әлем чемпионаты аяқталды. Финалда Франция құрамасы Хорватияны жеңді. Мәскеуде өткен финал 4:2 есебімен аяқталды.

Биылғы чемпионатының қоласын Бельгия иеленді. Олар үшінші орынға таласта Англияны жеңді – 2:0.

Франция екінші рет әлем чемпионатында жеңіске жетті. Бұл ел 1998 жылы әлем чемпионы атанған. Ал 2006 жылғы әлем чемпионатының финалында Италиядан жеңілген. Ал Хорватия алғаш рет әлем кубогының финалына шықты. Бұл ел 1998 жылғы әлем чемпионатында қола медаль алған. Сол кезде жартылай финалда Франциядан жеңілген еді.

2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатында 32 команда ойнайды. Катардағы турнир қараша мен желтоқсанда өтпек. Ал 2026 жылы АҚШ, Канада, Мексика бірігіп ұйымдастыратын әлем біріншілігіне 48 команда қатысады.

Франция – Хорватия – 4:2 (2:1)

Голдар: Манджукич, 18 - автогол (1:0). Перишич, 28 (1:1). Гризманн, 38 - пенальтиден (2:1). Погба, 59 (3:1). Мбаппе, 65 (4:1). Манджукич, 69 (4:2).

Франция: Ллорис, Павар, Варан, Юмтити, Эрнандез, Мбаппе, Канте (Н`Зонзи, 55), Погба, Гризманн, Матюиди (Толиссо, 73), Жиру (Фекир, 81).

Хорватия: Субашич, Врсалько, Ловрен, Вида, Стринич (Пьяца, 81), Ребич (Крамарич, 71), Ракитич, Брозович, Модрич, Перишич, Манджукич.

Ескерту алғандар: Канте, 27. Эрнандез, 41. Врсалько, 90+2.

Төрешілер: Питана, Белатти, Майдана (Аргентина).

VAR төрешілер: Иррати (Италия). Вильяно (Аргентина), Астроса (Чили), Маккели (Голландия).

15 шілде. Мәскеу. "Лужники" стадионы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG