Accessibility links

Путин: Әлем чемпионатының жанкүйерлері Ресейге визасыз кіреді


Қолшатыр астындағы Ресей президенті Владимир Путин.
Қолшатыр астындағы Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин "әлем чемпионатына жанкүйер болып келген азаматтар 2018 жылдың соңына дейін елге визасыз кіре алады" деді.

"Қолында жанкүйерлерге арналған арнаулы картасы бар шетелдік азаматтар Ресей Федерациясына 2018 жылдың соңына дейін бірнеше рет еркін кіре алады" деп жазады Путиннің сөзіне сілтеме жасаған ТАСС агенттігі.

Әлем чемпионаты кезінде Ресейге кіруге мүмкіндік берген арнаулы картаның мерзімі шілденің 25-іне өтуі тиіс болған.

Оқи отырыңыз: Францияның жеңісі, Ресейдің шығыны және FIFA тапқан пайда

Бірнеше елден келген миллиондаған жанкүйерді меңзеп, Путин "шетелдік туристер мен жанкүйерлерге осылай алғыс айтудан басқа амалым жоқ" деді. Ресей президенті өздеріне ағылшындардың келіп, бұзақылық жасайтынын ескертіп қорқытқандар болғанын, бірақ барлығы өзін үлгілі ұстағанын айтты.

- Барлығы (жанкүйерлерді айтады) өзін тәртіпті ұстады. Олар спорт пен футболдың адамдарды бөліп, арасына жік салмайтынын, керісінше барлығының басын ортақ құндылық жолында біріктіретінін көрсетті, - деді ол.

Шілденің 15-інен 16-на қараған түні Ресейде футболдан әлем чемпионаты аяқталды. Финалда Франция құрамасы Хорватияны жеңді. Мәскеуде өткен финал 4:2 есебімен аяқталды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG