Accessibility links

Хельсинкиде Трамп пен Путиннің кездесуі басталды


Трамп пен Путин Хельсинкиде. 16 шілде 2018 жыл.
Трамп пен Путин Хельсинкиде. 16 шілде 2018 жыл.

Хельсинкиде (Финляндия) АҚШ және Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуі басталды. Саммит Президент сарайында өтіп жатыр. Трамп пен Путинди Финляндия президенті Саули Ниинисте қарсы алды.

АҚШ пен Ресей президенттері кездесу алдында журналистермен кездесті. Путин бұл саммитте екі ел арасындағы қарым-қатынас, халықаралық мәселелер талқыланатынын айтты. Трамп Путинді әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады. АҚШ президентінің айтуынша, бұл кездесуде сауда, ядролық қару мәселелерді талқыланады. Трамп саммит екі ел арасындағы қатынасты жақсартады деп үміттенеді.

Оқи отырыңыз: Трамп пен Путин кездесуінен не күтуге болады?

Журналистермен кездесуден кейін Путин мен Трамп келіссөзді бастады. Жоспар бойынша екі президент жеке кездеседі. Кейін оларға екі ел делегациясы қосылады

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG