Accessibility links

18 жыл түрмеде отырған өзбекстандық журналист отбасымен АҚШ-та кездесті


Мухаммед Бекжан.

Он сегіз жылдай қамауда отырып, бір жылдам астам уақыт бұрын Өзбекстандағы түрмеден босап шыққан журналист Мухаммед Бекжан отбасымен АҚШ-та қауышты. Американың Сиэтл қаласындағы әуежайдан оны 1999 жылы қамалған кезінен бері көрмеген немерелері мен қыздары күтіп алды.

Елде саяси тұтқын деп бағаланған 64 жастағы журналист түрмеден 2017 жылдың ақпанында шыққан. Біраз уақыттан кейін оған Өзбекстан билігі елден шығуға болатын виза берді.

Одан бұрын Бекжан Азаттықтың өзбек қызметіне сапары уақытша ғана екенін және отбасының көбі тұрып жатқан АҚШ-тан саяси баспана сұрамайтынын айтқан.


"Шекарасыз тілшілер" ұйымының ақпаратынша, Бекжанға кесілген қамау мерзімі - әлемде журналистерге үкім етілетін ең ұзақ мерзімнің бірі.

1994 жылы елден кетпей тұрғанда Бекжан "Эрк" ("Бостандық") оппозициялық газетінде бас редактор болып істеген. Газетті Бекжанның ағасы Мухаммад Салих басқарған "Эрк" оппозициялық партиясы шығаратын. 1993 жылы Салих Өзбекстаннан Әзірбайжанға кетіп, кейін Түркияда орнықты.

1999 жылы Бекжанды Киевте ұрлап әкетіп, Ташкентке жеткізді де, бұрынғы марқұм президент Ислам Каримовтің өміріне қастандық жасамақ болды деген айыппен соттады. Бекжан 15 жылға қамалды. Кесілген жыл кейін үш жылға қысқарды. Тәуелсіз журналист өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын, олардың саяси астары бар деп санайтынын айтқан.

Мухаммад Бекжан
Мухаммад Бекжан

​2011 жылы жазасын өтеп бітуіне бірнеше ай қалғанда оны түрме режимін бұзуға ынталанды деп айыптап, мерзімін бес жылға созды.

Өзбекстанды тәуелсіздік алғалы басқарған президент қайтыс болып, орнына Шавкат Мирзияев келген соң бірнеше саяси тұтқын босап шықты. Сарапшылар мұны "Мирзияевтің Өзбекстанды Орталық Азиядағы ашық әрі бұрынғы басшының репрессивті саясатын өзгертіп, инвестиция тартып, экономиканы жақсартуға ұмтылуы" деп санайды.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 22.01.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
XS
SM
MD
LG