Accessibility links

Шымкентте көлік өрті оқиғасы бойынша іс қозғалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шымкенттегі айып тұрағындағы шыққан өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өрт салдарынан ондаған автокөлік жанып кеткен. Бұл туралы Азаттыққа 16 шілдеде Түркістан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Айып автотұрағында шыққан өрт оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабы ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру") бойынша іс қозғалды. Бірнеше сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр" делінген хабарламада.

15 шілдеде Шымкентте айып тұрағында шыққан өрттен айыппұл салынған он автокөлік пен жарамсыз деп танылып, жойылуы тиіс 35 машина жанып кеткен. Алдын-ала болжам бойынша, өртке айып тұрағындағы "КАМАЗ" маркалы жүк көлігінің тұтануы себеп болған. Кейін тұрақтағы жеңіл автокөліктер мен сол жерге жақын орналасқан екі қабатты жихаз цехының шатыры жанған. Өрттің жалпы аумағы 294 шаршы метрді құраған. Өрттен адамдар зардап шекпеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG