Accessibility links

Хельсинкиде Трамп-Путин саммиті аяқталды


Путин мен Трамп Хельсинкидегі баспасөз мәслихатынан кейін. 16 шілде 2018 жыл.

16 шілде Финляндия астанасы Хельсинкиде АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путин алғашқы кездесуі аяқталды.

Екі сағатқа жоспарлаған жеке кездесу жабық режимде өтті. Президенттер кездесуден соң баспасөз жиынын өткізді. Бірінші болып сөйлеген Путин Трампқа алғыс білдіріп, "кездесу сәтті болғанын" жеткізді. Ол президенттер өзара Сирия мәселесін, ядролық қару, сауда қатынасы мен Украина жағдай сөз болғанын айтты.

Путиннің ойынша, Ресей мен АҚШ екі ел қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін "алғашқы қадам жасалды"

Путиннің айтуынша, кездесу "өте пайдалы өткен" әрі "екі ел арасындағы сенімділікті арттырған". Ал Трамп "төрт сағат бұрын жаңа кезеңге қадам басқандарын" айтты.

Путин Трамппен "Украинадағы жағдайды да талқылаған". Бірақ Ресей президенті Украинаға қатысты нақты қандай шешім қабылдағанын айтпады.

Хельсинкиде саммит күні қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жолдар жабылды. Путин мен Трамп кездесіп жатқанда белсенділер қалада наразылық шарасын өткізді. Олардың ішінде 64 күн аштық жариялап отырған украиналық режиссер Олег Сенцовтың бостандығын талап еткендер де болды.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG