Accessibility links

Әлем чемпионатында алаңға жүгіріп шыққандар 15 күнге қамалды


Pussy Riot тобының мүшесі Вероника Никульшина.
Pussy Riot тобының мүшесі Вероника Никульшина.

Мәскеу соты футболдан әлем чемпионаты болып жатқан кезде алаңға полиция формасын киіп, жүгіріп шыққан Pussy Riot тобының төрт мүшесін 15 күнге қамау туралы шешім шығарды. Судья оларды "спорт шарасы кезінде көрермендердің өзін-өзі ұстау ережесін өресек бұзу" бабы бойынша айыпты деп таныған.

Вероника Никульшинаны сот 15 күнге қамап, спорт шараларына қатысу құқығынан үш жылға шектеді. Никульшинаның адвокатының ешбір өтінішін сот қанағаттандырған жоқ.

15 күнге қамау жазасы Петр Верзиловқа, Ольга Курачева мен Ольга Пахтусоваға да кесілді.

Ресейлік Pussy Riot тобының полиция формасын киген төрт мүшесі финалдық ойын өтіп жатқан кезде алаңға жүгіріп шыққан. Олар мұны "Милиционер ойынға араласады" акциясы аясында істегенін айтқан. Ұйымдастырушылар мұны мәскеулік концептуализмнің негізін салған Дмитрий Пригов өлімінің 11 жылдығына арнайтынын мәлімдеген.

Pussy Riot тобы өздерінің Facebook парақшасында "акцияның мақсаты – саяси тұтқындардың босап шығуына қол жеткізу, репост үшін қылмыстық іс қозғауды доғаруға шақыру, митингілер кезінде заңсыз ұстауды тыю, елдің саяси өміріне бәсекені қайтару" деп жазған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG