Accessibility links

Министр: Ана өліміне мамандардың аздығы себеп


Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ана өлімі көбейген аймақтарға зерттеу жүргізгенін, "ана өліміне акушер-гинекологтардың, анестезиолог-реаниматологтардың жетіспеуі себеп" деген қорытындыға келгенін айтты. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

Біртановтың айтуынша, көп аймақта босандыру мен денсаулық сақтау басшылары жоқ. "Жүктілерді есепке кеш алу да - (ана өлімі) себептерінің бірі" деді ол.


Министр "2018 жылдың басынан бері 31 жүкті әйел қайтыс болды. 100 мың жаңа туған балаға 14-15 қайтыс болған анадан келеді" деді.

Кей аймақтарда ана өлімінің көбейгенін айтқан министр денсаулық сақтау басқармаларына бала көтеру жасына жеткен әйелдермен жұмысты күшейтуді тапсырып, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтан әкімдерге ана мен бала өлімін азайту штабтарының отырысын өткізуді тапсыруын сұрады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG