Accessibility links

Ауғанстанда терактіден ондаған адам қаза тапты


Ауғанстан. Көрнекі сурет.
Ауғанстан. Көрнекі сурет.

Ауғанстан билігі ел солтүстігінде террорист мешітте өзін жарып жіберіп, 20 адамның қаза тапқанын хабарлады. Қаза тапқандар арасында "Талибан" командирі де бар.

Сар-и-Пул уәлаятының бас полицейі Абдул Кауам Бакизои шабуыл ауыл ақсақалдары мен тәліптердің ресми өкілі кездесіп отырған кезде жасалған. Бакизои "ешбір ұйым әлі өзіне жауапкершілік алмады, бірақ мұның артында Ислам мемлекеттінің (Қазақстанда тыйым салынған ұйым - ред.) содырлары тұр" деп мәлімдеді.

Соңғы кездері Ауғанстанның солтүстінде "Талибан" мен Ислам мемлекеті арасында ұрыс күшейген. Сар-и-Пул уәлаятының бас полицейі соңғы бірнеше күнде екі жақта қаза тапқандар саны жүзге таяғанын айтты.

Уәлаят кеңесінің басшысы Мухаммед Нур Рахман "соққы мешітке жаназа өтіп жатқан кезде жасалды" деп мәлімдеді.


Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстанда өткен айда атыс уақытша доғарылғанына қарамастан, алғашқы жарты жылда қаза тапқан бейбіт адамдар саны бойынша көрсеткіштің рекордтық деңгейге жеткені туралы хабарлаған. Жараланғандар саны бес пайызға азайғанымен, яғни 3430 адамға кемігенімен, қаза көрсеткіші бір пайызға өсіп, 1692 адамға жеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG