Accessibility links

Обама: Саяси жетекшілер ұяттың не екенін ұмытты


АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама. Көрнекі сурет.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама. Көрнекі сурет.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама постынан түскелі бері алғаш рет ел алдына шығып, сөз сөйледі. Ол "жүрген жерінде қорқыныш ұялатып, ыза тарататын саясаткерлер бұрын-соңды байқалмаған белсенділікпен жұмыс істеп жатыр" деді.

17 шілдеде Обама апартеидпен күрескен, Оңтүстік Африка Республикасының президенті болған марқұм Нельсон Манделаның 100 жылдығына орай Йоханнасбургте өткен іс-шарада сөз сөйледі. Ол әлем президенттерін адам құқықтары мен қатерде тұрған құндылықтарды құрметтеуге шақырды.

Өзінен соң президент болып сайланған Дональд Трамптың атын атамаса да, жүргізіп отырған саясатының кейбір тұстарын сынады.

Көре отырыңыз: Нельсон Манделамен қоштасу

Обама сөз арасында: "Саяси жетекшілер ұяттың не екенін ұмытты. Жалған сөйлегенін бетіне басса, олар одан сайын күшейіп, тағы алдайды", - деді.

Экс-президенттің сөзінше, "мұндай адамдардың өтірігі ашылса, беті қызармайды. Ол "билікте демократияның мәнін ашатын институттарды жойғысы келетін саясаткерлер бар. Айналаға қараңыздаршы. Бұл - аттандап жатқаным емес, жай фактілер", - деді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG