Accessibility links

АҚШ-та ұсталған ресейлік "Кремль агенті" деп айыпталды


Мария Бутина. Көрнекі сурет.
Мария Бутина. Көрнекі сурет.

АҚШ-тың үлкен алқабилер соты "Кремльдің саясатын жүргізді" деген айыппен ұсталған ресейлік Мария Бутинаға тағылған айыпты қатаңдатты. Енді ол АҚШ аумағында "америкалық азаматтармен қарым-қатынасын жақсарту арқылы саяси топтарға кіріп, Ресей үкіметінің агенті ретінде әрекет етті" деп күдіктеліп отыр.

16 шілде күні Вашингтон сотының прокурорлары жариялаған хабарламада 29 жастағы Мария Бутина "америкалық саясаткерлердің көңілін көтеріп, тығыз қатынаста болған. Осы арқылы АҚШ-тың Ұлттық атқыштар қауымдастығын, қару-жараққа мүдделі ірі ұйымдарды іштей білуге тырысқан. Жұмысы жайлы Мәскеудегі шенеуніктерге есеп беріп отырған" деп жазылған.

Бутина ісі бойынша сот тыңдауы бүгін – 18 шілдеде басталады. Оған екі айып тағылған: "келісіп жұмыс істеді" бабы бойынша – 5 жылға, "шетелдік агент болғандар" 10 жылға бас бостандығынан айырылады.

Бутинаның адвокаты қорғалушысының "Ресей агенті болғанын" жоққа шығарып отыр.


АҚШ Әділет министрлігінің жазуынша, Бутина 2015 жылдан шамамен 2017 жылдың ақпанына дейін бұрын Ресей парламентінің мүшесі болған, кейін Орталық банктегі ірі шенеунікке айналған азаматтың нұсқауымен жұмыс істеген. Құжатта оның кім екені айтылмайды. Бірақ Орталық банкте бұл биографияға тек бір адам – Александр Торшин сәйкес келеді.

Торшин – қару-жарақ лоббисі. Бұрын ол Ресейде Америка сияқты Ұлттық атқыштар қауымдастығын құруды ұсынған.

Әділет министрлігінің құжатында Бутина "ел саясатына ықпалы бар америкалықтармен, қару ұстау еркін қолдайтын ұйымдастармен байланыс орнатуға тырысты" деп көрсетілген.

Бутинаның өзі Азат Еуропа/Азаттық радиосына берген сұхбатында АҚШ-тың Ұлттық атқыштар қауымдастына мүше екенін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG