Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Қазақстан орталығында "радикал діни топтың" ұсталғанын хабарлады. Комитет мәліметінше, "радикал топтың" үш ықтимал мүшесі 18 шілдеде Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында ұсталған.
Олар "террористік топ құрып, терроризмді насихаттады" деген күдікке ілінген. Комитет хабарламасында операцияға қатысты өзге деректер жазылмаған. Тек суық қару мен діни материалдар тәркіленгені айтылады.
Комитеттің баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын айтты. ҰҚК хабарламасында "Бұдан өзге деректерді тергеу жүріп жатқандықтан жариялауға болмайды" деп жазылған.
ПІКІРЛЕР