Accessibility links

Ресей мен Украина арасында көпір салғандарға "санкция қойылады"

Керчь көпірі. Көрнекі сурет.
Керчь көпірі. Көрнекі сурет.

Еуропа одағының елшілері Керчь көпірін салған ресейлік алты ұйымды санкция қойылған компаниялар тізіміне қосу туралы шешім қабылдады. Ресейдің оңтүстігі мен Қырым түбегін байланыстыратын 19 шақырымдық Керчь көпірін салған компаниялар мен тұлғаларға енді виза берілмей, активтері бұғатталуы мүмкін.

Еуропа одағы депутаттарының пікірінше, Ресей аннексиялап алған Қырымда көпір салу Украина территориясының тұтастығына қатер төндіреді. Азат Еуропа/Азаттық радиосына анонимді сұхбат берген еуродепутаттардың сөзінше, бұл туралы ресми мәлімдеме жуырда жариялануы тиіс.

Қазіргі санкция тізімде ресейлік және украиндық 155 азамат пен 38 ұйым бар.

Украина президенті Петр Порошенко Қырымда "заңсыз көпір салуы - Кремльдің халықаралық құқықты мансұқ етуінің кезекті көрінісі" деп мәлімдеген. Көпірде төрт жолақты шоссе мен әлі салынып жатқан темір жол болады.

Фотогалерея: Путиннің Керчь көпірін ашуы

Путиннің жаңа көпірді ашуы

Жаңа көпірді ашу рәсімі кезінде құрылысшылармен әңгімеде Ресей президенті Владимир Путин құрылыс нысандарын салу жұмыстары жалғасады деп үміттенетінін айтты. "Бірінші желі – ең маңыздысы" екенін атап өткен ол алдағы күзде көпірдің жүк тасымалдау бөлігі, ал тағы бір жылдан соң - теміржол бөлігі ашылады деп сенетінін білдірді.
1/6 Жаңа көпірді ашу рәсімі кезінде құрылысшылармен әңгімеде Ресей президенті Владимир Путин құрылыс нысандарын салу жұмыстары жалғасады деп үміттенетінін айтты. "Бірінші желі – ең маңыздысы" екенін атап өткен ол алдағы күзде көпірдің жүк тасымалдау бөлігі, ал тағы бір жылдан соң - теміржол бөлігі ашылады деп сенетінін білдірді.
Ресей президенті Владимир Путин елдің Краснодар аймағын Қырым түбегімен жалғайтын жаңа көпірдің автокөлікке арналған бөлігін ашу рәсіміне қатысты.
Ресей аннексиялап алған Қырымда "заңсыз көпір салуы - Кремльдің халықаралық құқықты мансұқ етуінің кезекті көрінісі" деп мәлімдеді Украина президенті Петр Порошенко.
2/6 Ресей аннексиялап алған Қырымда "заңсыз көпір салуы - Кремльдің халықаралық құқықты мансұқ етуінің кезекті көрінісі" деп мәлімдеді Украина президенті Петр Порошенко.
Ресей президенті Владимир Путин елдің Краснодар аймағын Қырым түбегімен жалғайтын жаңа көпірдің автокөлікке арналған бөлігін ашу рәсіміне қатысты.
Ресейдің Қырымға тартылған жаңа көпірдің автокөлікке арналған бөлігін ашу рәсімін СССР тұсында сталиндік режимнің Қырым татарларын атамекенінен мәжбүрлеп жер аударғанына 74 жыл толар (18-20 мамыр 1944 жыл &ndash; ред.) қарсаңда өткізуін Украина президенті <a href="https://www.facebook.com/petroporoshenko/posts/1272539859547070" target="_blank">&quot;асқан арсыздық&quot; деп атаған</a>.
3/6 Ресейдің Қырымға тартылған жаңа көпірдің автокөлікке арналған бөлігін ашу рәсімін СССР тұсында сталиндік режимнің Қырым татарларын атамекенінен мәжбүрлеп жер аударғанына 74 жыл толар (18-20 мамыр 1944 жыл – ред.) қарсаңда өткізуін Украина президенті "асқан арсыздық" деп атаған.
Ресей президенті Владимир Путин елдің Краснодар аймағын Қырым түбегімен жалғайтын жаңа көпірдің автокөлікке арналған бөлігін ашу рәсіміне қатысты.
Украина Сыртқы істер министрлігі бұған дейін Ресейге қарсы енгізілген санкцияларды енді Керчь бұғазында көпір тұрғызғаны үшін тағы кеңейтуге күш салатыны туралы мәлімдеген.
4/6 Украина Сыртқы істер министрлігі бұған дейін Ресейге қарсы енгізілген санкцияларды енді Керчь бұғазында көпір тұрғызғаны үшін тағы кеңейтуге күш салатыны туралы мәлімдеген.
Ресей президенті Владимир Путин елдің Краснодар аймағын Қырым түбегімен жалғайтын жаңа көпірдің автокөлікке арналған бөлігін ашу рәсіміне қатысты.
Ресей 2014 жылы наурызда Қырымды аннексиялап ала салысымен Ресей президенті Владимир Путин Керчь бұғазында түбекпен жалғайтын жаңа көпір салу қажеттігі туралы мәлімдеген. Жаңа көпірді 2018 жылға дейін тұрғызып, 2019 жылы жазда пайдалануға беруге уәде еткен.
5/6 Ресей 2014 жылы наурызда Қырымды аннексиялап ала салысымен Ресей президенті Владимир Путин Керчь бұғазында түбекпен жалғайтын жаңа көпір салу қажеттігі туралы мәлімдеген. Жаңа көпірді 2018 жылға дейін тұрғызып, 2019 жылы жазда пайдалануға беруге уәде еткен.
Ресей президенті Владимир Путин елдің Краснодар аймағын Қырым түбегімен жалғайтын жаңа көпірдің автокөлікке арналған бөлігін ашу рәсіміне қатысты.
Еуропа Одағы Қырыммен жалғайтын көпір құрылысын &quot;Ресейдің Украинаның егемендігі мен территориялық тұтастығын бұзуының тағы бір көрінісі&quot; деп біледі. &quot;Көпір құрылысы Ресейдің заңсыз аннексиялап алған түбекті одан ары мәжбүрлі түрде өзіне біріктіруге және Украинаның бөлшегі болып қала беретін Қырымды оқшаулауға бағытталған&quot; деп мәлімдеген Еуропа сыртқы саяси ведомствосы басшысының баспасөз хатшысы Майи Косьянчич.
6/6 Еуропа Одағы Қырыммен жалғайтын көпір құрылысын "Ресейдің Украинаның егемендігі мен территориялық тұтастығын бұзуының тағы бір көрінісі" деп біледі. "Көпір құрылысы Ресейдің заңсыз аннексиялап алған түбекті одан ары мәжбүрлі түрде өзіне біріктіруге және Украинаның бөлшегі болып қала беретін Қырымды оқшаулауға бағытталған" деп мәлімдеген Еуропа сыртқы саяси ведомствосы басшысының баспасөз хатшысы Майи Косьянчич.
Ресей президенті Владимир Путин елдің Краснодар аймағын Қырым түбегімен жалғайтын жаңа көпірдің автокөлікке арналған бөлігін ашу рәсіміне қатысты.
Previous slide
Next slide

Құны 3,7 миллиард доллар болатын Керчь көпірінің құрылысы 2016 жылы басталған. Оның бас мердігері – "Стройгазмонтаж" компаниясының басшысы, ресейлік миллиардер, Путиннің жақын досы деп саналатын Аркадий Ротенберг.

XS
SM
MD
LG