Accessibility links

АҚШ азаматтарын тергегісі келген Путин ұсынысынан Трамп бас тартты


Дональд Трамп.
Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің "сайлауға араласу ісі" бойынша мәскеулік шенеуніктерді тергеу туралы ұсынысын қабылдаған жоқ. Мұның орнына Путин "банкті қасақана банкроттыққа ұшыратып, 3 миллиардтан астам рубль салықтан жалтарды" деп сырттай сотталған Браудер ісіне қатысы бар делінген америкалықтарды сұратып еді.

Путин мұндай ұсынысты Хельсинкидегі кездесу кезінде айтқан. Трамптың бұл ұсыныстан бас тартқаны туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс хабарлады. Ол "Путин 12 ресейліктің Америкаға келіп, кінәсіз екенін дәлелденуіне мүмкіндік береді деп сенеміз" деді.

Ресей президенті сұратқан істегі Браудер - АҚШ пен бірнеше елде ресейлік заңгер Сергей Магнитскийдің өліміне қатысы бар және Ресейдегі адам құқықтарының бұзылуына кінәлі адамдарға қарсы санкция салатын "Магнитский заңын" қабылдауға себепші болған.

Былтыр Мәскеудің Тверь соты Браудерді "банкті қасақана банкроттыққа ұшыратып, 3 миллиардтан астам рубль салықтан жалтарды" деп айыптап, сырттай тоғыз жыл түрме жазасына кескен. Ресей бас прокуратурасы Интерполға Браудерді ұстау және экстрадициялау туралы кезекті рет сұрау салған.

Ресей соты Браудерге бірінші рет сырттай үкім шығарып отырған жоқ. 2013 жылы Браудер "Газпром" компаниясының акцияларын заңсыз иеленгені" үшін тағы сырттай тоғыз жыл түрме жазасына кесілген.

Оқи отырыңыз: Трамп пен Путин не талқылады?

Трамптың Путин ұсынысынан бас тартқанын Ақ үй АҚШ сенаты америкалық азаматтарды тергеу резолюциясына бірауыздан қарсы дауыс беруінен бірнеше минут бұрын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG