Accessibility links

Оңтүстік Корея экс-президентіне кесілген түрме мерзімі ұзартылды


Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хе. Мұрағат.
Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хе. Мұрағат.

Оңтүстік Корея соты бұрынғы президент Пак Кын Хеге жаңа үкім кесті. Ол "мемлекет қаржысын ысырап етті" және "2016 жылы өткен парламент сайлауына араласты" деп танылды. Сот экс-президентке сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасын үкім етті.

Бұдан бұрын сотталған экс-президенттің түрмеде отыру мерзімі енді 32 жылға жетті.

Биыл сәуірде Сеул соты Оңтүстік Корея экс-президенті Пак Кын Хені 24 жылға соттаған. Сот оны сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар, билікті теріс мақсатта пайдаланды және коммерциялық компанияға заңсыз болысты деп айыптады. Прокурор бұған дейін 66 жастағы Пак Кын Хені 30 жылға соттап, 110 миллион доллар айыппұл салуды сұраған.

Экс-президент өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарды. Ол сотқа қатысқан жоқ. Сот отырысы Оңтүстік Корея телеарнасынан тікелей эфирден берілді.

2017 жылы 10 наурызда Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты Пак Кын Хені бірауыздан президент қызметінен босатқан. Пак Кын Хеге импичмент жариялау шарасын 2016 жылы желтоқсанда Оңтүстік Корея парламенті президенттің жақын серігі сыбайлас жемқорлыққа қатысты дауға шатылған соң бастаған.

Қарай отырыңыз: Жауапқа тартылған президенттер

Жауапқа тартылған президенттер
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:29 0:00

Оңтүстік Кореяда президентті қызметінен кетіруге әкелген жанжал Пак Кын Хенің құрбысы Чхве Сунь Силь президенттің ықпалын теріс мақсатта пайдаланды деп айыпталған соң туындаған.

Биыл ақпанда Сунь Силь 20 жылға сотталған. Ол елдегі ең ірі компания - Samsung-ты өзінің коммерциялық емес қорына 70 миллион долларға жуық қаржы аударуға мәжбүрледі деп айыпталған.

Пак Кын Хе өзін "саяси репрессияның құрбаны болдым" деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG