Accessibility links

Сингапурда әр төртінші тұрғынның жеке мәліметтері ұрланған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Сингапурда кибершабуыл салдарынан бір жарым миллион адамның жеке деректері ұрланғаны туралы жұма күні үкімет шенеуніктері хабарлады. Хакерлік шабуылдан зардап шеккендердің арасында елдің премьер-министрі де бар екені айтылады.

Билік өкілдері елде жеке мәліметтер қорына бұзып кірудің бұрын-соңды болмаған оқиғасы тіркеліп отырғанын айтады. Алты миллионға жуық тұрғыны бар, компьютерлік технологиялар деңгейі жоғары елге жататын Сингапурда киберқауіпсіздік басым бағыттардың бірі болып саналады.


Киберқауіпсіздік жөніндегі ұлттық агенттік тергеушілері мен үкіметтің денсаулық сақтау жүйесі шабуылдың қасақана және жоспарлы түрде жасалғанын айтады. Хакерлер 2015 жылғы мамырдан 2018 жылғы шілдеге дейінгі кезеңде елдегі медициналық емханаларға қаралған бір жарым миллионға жуық адамның деректері сақталған базаны бұзып кірген деп хабарлайды Reuters.

2018 жылы Сингапур он елді біріктіретін Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері ассоциациясына төрағалық ететіндіктен, осы ұйымның киберқауіпсіздігінің жағдайы үшін де жауапкершілік жүктелген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG