Accessibility links

Солтүстік Қазақстан облысында автобус өртеніп кетті


Солтүстік Қазақстан облысында сенбі күні жолаушы тасып бара жатқан автобу түгелдей жанып кеткен, ондағы адамдар аман деп хабарлады Қазақстан Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Төтенше оқиға шілденің 21-і күні Астана уақытымен сағат 11:13 кезінде Көкшетау – Рузаевка бағытындағы жолдың 64-шақырымында болған.


Дружба ауылынан Көкшетауға жиырма жолаушы апара жатқан КАВЗ "Аврора" маркалы автобустың қозғалтқышынан шыққан өрт көп ұзамай салонға өткен. Адамдар көліктен шығып үлгерген, өрттен ешкім зардап шекпеген деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG