Accessibility links

Ресейдің Дағыстан аймағында екі полиция өкілі оққа ұшқан


Дағыстандағы ауылдардың бірі. (Көрнекі сурет.)
Дағыстандағы ауылдардың бірі. (Көрнекі сурет.)

Ресей құрамындағы Дағыстан републикасында жұма күні белгісіз автокөліктен оқ атқандар полицияның екі қызметкерін өлтіріп, біреуін жаралған. Бұл туралы ақпаратты Дағыстан ішкі істер министрлігі растады деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Қарулы шабуыл Кизилюрт ауданындағы "Кавказ" федералдық автокөлік жолы бойында жасалған. Автокөліктен оқ жаудырғандар із жасырып үлгерген.


Ресейлік ақпарат агенттіктері дереккөздеріне сілтеме жасап, шабуылды бұған дейін биыл белгілі діни қайраткер Саид Афанди Чиркейскийдің зиратында жарылыс ұйымдастырған "Хасавюрт тобы" мүшелері жасаған деп хабарлады.

Сонымен бірге әлеуметтік желілерде бұл шабуылға жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы алғаны туралы хабарлар тараған. Экстремистік топтың атынан тараған хабарламада үш полиция өкілінің өлтірілгені айтылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG