Accessibility links

Мәскеу: АҚШ-тан Мария Бутинаны босатуды талап еттік


Мария Бутина.
Мария Бутина.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео телефонмен келіссөз өткізген. Мәскеудің мәлімдеуінше, АҚШ тарапының бастамасы бойынша өткен әңгіме барысында Хельсинкидегі саммит қорытындысы, Сириядағы жағдай және Солтүстік Кореяның ядролық қарудан арылу мәселелері талқыланған.

"Бұған қоса екі тарап АҚШ-та тұтқындалған ресейлік Мария Бутинаның мәселесін талқылап, Сергей Лавров америкалық биліктің іс-әрекеті қабылдауға келмейтінін айтып, Бутинаны тезірек босатуды талап етті", - деп хабарлады Ресей СІМ.

АҚШ Мемлекеттік департаменті таратқан ақпаратта Помпео мен Лавровтың телефонмен әңгіме барысында Сирия, терроризммен күрес, америкалық және ресейлік бизнесмендер арасындағы диалог пен дипломатиялық мәселелерді қозғағаны хабарланған, бірақ, Мария Бутина жайлы ештеңе айтылмаған.

Оқи отырыңыз: АҚШ айып таққан Мария Бутинаның ісі

Сонымен бірге Ресей президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі кеңес Бутинаны қорғап мәлімдеме жасаған. Кеңес АҚШ-тың азаматтық құқықтар жөніндегі комиссиясының басшысы Катрин Ламонның атына жолдаған хатта Бутинаны тұтқындауды "адам құқығын бұзудың айқын оқиғасы" деп атаған.

29 жастағы Мария Бутинаны АҚШ федералдық тергеу бюросы шілденің 15-і күні тұтқындаған. Оған шетелдік агент ретінде тіркелмей, астыртын сөз байласып, заңсыз қызмет еткен деген айып тағылған. АҚШ заңында мұндай іс-әрекет үшін 15 жылға дейін бас бостандығыран айыру жазасы тағайындау қарастырылған. Мария Бутина өзіне тағылған айыппен келіспейді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG