Accessibility links

Ақтауда КВН тобының экс-мүшесі пышақтан ажал құшты


Көрнекі сурет.

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында КВН құрама командасының бұрынғы мүшесі Данияр Әлімбаев қаза тапқан. Полицияның хабарлауынша, Әлімбаев шілденің 21-і түні ауыр жарақаттан ажал құшқан: санына тиген пышақ күре тамырын зақымдаған. Содан екі күн бұрын дәл осындай жарақаттан Алматыда 2014 жылғы қысқы олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен қаза болған еді.

Ақтау полициясы қылмысқа күдікті үш адамды ұстаған. Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалған.


Жергілікті Lada.kz сайтының хабаралуынша, марқұмның жанында болған серіктері шамамен түнгі сағат үш жарым кезінде Ақтаудағы бардың жанында төбелес болғанын, жанжалға араласпай шетте тұрған Әлімбаевтың пышақ жарақатын алғанын айтқан.

Данияр Әлімбаев Ақтөбе облысының КВН (көңілді тапқырлар клубы) командасында, кейін Қазақстанның батыс аймағының құрамасы қатарында Сочидегі фестивальде өнер көрсеткен. 32 жасында мерт болған жігіттің артында жары мен төрт баласы қалды.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Зеленский: Заң алдында бәрі тең мемлекет құрамыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:21 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG