Accessibility links

Көкшетауда кеніште тас басып қалған жігіт қос аяғынан айырылды


"Алтынтау Көкшетау" компаниясының кен орнында. Ақмола облысы, 13 маусым 2013 жыл.
"Алтынтау Көкшетау" компаниясының кен орнында. Ақмола облысы, 13 маусым 2013 жыл.

Ақмола облысында сенбі күні "Қазмырыш" тау-кен компаниясына қарасты алтын өндіретін "Алтынтау Көкшетау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кен орнында үлкен тау жартасы құлап, басып қалған экскаватор машинисі екі аяғынан айырылған. Бұл туралы бүгін қазақстандық басылымдар хабарлады.

12 сағат бойы ауыр тастың астында аяқтары жаншылып жатқан Мадияр Төлеубековке облыстық ауруханада операция жасаған дәрігерлер оның екі аяғын да кесуге мәжбүр болған деп хабарлайды зардап шеккен жігіттің туысы Ақыл Нұрмағамбетоваға сілтеме жасаған BNews.kz сайты.

Операциядан кейін науқас жан сақтау бөліміне жатқызылған.


Шілденің 21-і күні таңертеңгі сағат сегіз кезінде "Алтынтау Көкшетау" компаниясына қарасты кен орнында тау жынысынан бөлінген үлкен жартас жұмыс істеп жатқан экскаватордың кабинасына құлап, онда отырған машинистің қос аяғын басып қалған. Құтқарушылар Мадияр Төлеубековті тек 12 сағаттан кейін ғана алып шыққан. Туыстарының айтуынша, 25 жастағы жігіт осы оқиғадан он күн бұрын ғана үйленген.

"Алтынтау Көкшетау" компаниясы өкілі өндіріс орнындағы төтенше оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG