Accessibility links

2020 жылғы олимпиада талисмандарына ат қойылды


Жапонияда 2020 жылы жазда өтетін Олимпиада (сол жақта) және Паралимипиада ойындарының ресми талисмандарын әзірлеген дизайнер Рио Танигути. Токио, 28 ақпан 2018 жыл.
Жапонияда 2020 жылы жазда өтетін Олимпиада (сол жақта) және Паралимипиада ойындарының ресми талисмандарын әзірлеген дизайнер Рио Танигути. Токио, 28 ақпан 2018 жыл.

Жапонияда 2020 жылы жазда өтетін Олимпиада және Паралимипиада ойындарының ресми талисмандары Миратова және Сомэйти деп аталатын болды. Бұл туралы ақпарат 2020 жылғы ойындардың ұйымдастыру комитетінің сайтында жарияланды.

Талисмандар атауларын Жапониядағы мектеп оқушылары арасында өткен жылғы желтоқсан мен биылғы ақпан айы аралығында өткізілген дауыс беру қорытындысы бойынша таңдап алған.

Ақ пен көк түсті шаршыларға боялған Олимпиада талисманы жапонша "мирай" (болашақ) және "това" (мәңгілік) деген екі сөзден құрастырылған Мирайтова деген атауға ие болды.


Паралимпиада талисманы, ақ және алқызыл түсті Сомэйти – гүл атқан сакураның бір түрінің атауына және ағылшынша "so mighty" (аса қуатты) сөзіне ұқсас.үндес.

Аниме стилінде әзірленген талисмандар бейнелері ақпанда таңдап алынған. Токиодағы Олимпиада ойындары 2020 жылы шілденің 24-і мен тамыздың 9-ы, Паралимпиада – тамыздың 25-і мен қыркүйектің 6-сы аралығында өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG