Accessibility links

БАҚ: АҚШ-та ұсталған Бутинаның байланысы көп болған


Мария Бутина.
Мария Бутина.

АҚШ-та "ресейлік агенттермен" жұмыс істесті деген күдікке ілінген ресейлік Мария Бутина Вашингтондағы жоғары шенді шенеуніктермен бұған дейін белгілі болғаннан да ауқымды байланыс орнатқан деп хабарлады Reuters агенттігі.

БАҚ мәліметінше, Бутина 2015 жылы ресейлік екі шенеуніктің сол кездегі АҚШ Федералдық резерв жүйесінің вице-төрағасы Стэнли Фишермен және қаржы министрінің халықаралық мәселелер бойынша орынбасары Натан Шитспен кездесуге қатысқан.

Оқи отырыңыз: АҚШ айып таққан Мария Бутинаның ісі

Бутина АҚШ-қа 2015 жылы сол кезде Ресей Орталық банкі төрағасының орынбасары болған Александр Торшинмен бірге барған. Фишермен және Шитспен кездесуде олар сол кездегі АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігі тұсындағы ресей-америка экономикалық қарым-қатынасын талқылаған.

Кездесуді Вашингтондағы сараптамалық ұйым - Ұлттық мүдделер орталығы ұйымдастырған. "Америка дауысы" радиосының хабарлауынша, сыртқы саясат саласында жұмыс істейтін бұл ұйым көбіне ресейшіл позицияны ұстанады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG