Accessibility links

Бішкек экс-мэрі Ибраимовке айып тағылды


Албек Ибраимов, Бішкектің экс-мэрі.
Албек Ибраимов, Бішкектің экс-мэрі.

Бішкектің бұрынғы мэрі Әлібек Ибраимовке "сыбайлас жемқорлық" бабы бойынша айып тағылды деп мәлімдеді Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК).

Айып муниципалдық жер телімдерін жеке және заңды тұлғаларға беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында тағылған.

Тергеу долбарынша, Ибраимов Бішкек мэриясының басқа да лауазымды тұлғаларымен бірге муниципалдық жер телімдерін жекеге шығару қитұрқылығын ұйымдастырған. Жер телімдері жалған адамдардың атына рәсімделіп, олар арқылы басқа адамдарға берілген.


ҰҚМК Ибраимовтің ұсталғаны туралы 19 шілдеде хабарлаған. Бішкектің Первомай аудандық соты оны 29 тамызға дейін қамауға алу туралы шешім шығарған. Комитет мәлімдемесінде тергеу барысында Ибраимовтің ықтимал заңға қайшы іс-әрекеттерге қатысы бары туралы "сенімді деректер" жиналғаны айтылады.

Бішкек қалалық кеңесі 13 шілде күні кезектен тыс сессиясында Албек Ибраимовке сенімсіздік вотумын білдірген. 19 шілдеде Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев Албек Ибраимовті Бішкек мэрі қызметінен босатқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG