Accessibility links

Джереми Хант: Brexit жайлы келісім жасалмауы мүмкін


Джереми Хант, Ұлыбритания премьер-министрі.
Джереми Хант, Ұлыбритания премьер-министрі.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Джереми Хант Лондон келесі жылы көктемде Еуропа Одағынан (ЕО) Брюссельмен келешек қарым-қатынасы қалай болатыны туралы келіссөз жасаспастан шығуы мүмкін екенін ескертті. Джереми Хант Берлинде Германия сыртқы істер министрі Хайко Мааспен кездескен соң журналистерге Brexit келіссөзіне қатысып жатқан ЕО өкілдерінің ұстанымы қатқыл екенін айтып, "қазір бұл мәселе бойынша келісім жасалмай қалу қаупі барын" мәлімдеді.

Брюссель мен Лондон арасында жаңа сауда келісіміне және Ұлыбритания мен ЕО-ның құрлықтағы шекарасын, Солтүстік Ирландия мен Ирландия Республикасы арасындағы шекараны реттеуге байланысты келіспеушілік бар.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Еуропа елдерімен сауда-саттықты реттейтін "ортақ ереже" қабылдауды ұсынса, оның партиясының парламенттегі өкілдерінің көпшілігі ЕО-мен байланысты мүлдем үзуді қолдайды. Хант қызметіне кіріскеннен кейін Германияға барған алғашқы сапарында бұл елді "Ұлыбританияның Еуропадағы ғана емес, әлемдегі ең жақын достарының бірі" деп атады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG