Accessibility links

Грекияда орман өртінен 24 адам қаза тапты


Кинета қаласына жақын өртеніп жатқан орманға кетіп бара жатқан өрт сөндіру көліктері. Грекия, 23 шілде 2018 жыл.
Кинета қаласына жақын өртеніп жатқан орманға кетіп бара жатқан өрт сөндіру көліктері. Грекия, 23 шілде 2018 жыл.

Грекия билігі 24 шілдеде Афина түбінде орман өртінен кем дегенде 24 адам қаза тауып, 100-ден астам адам күйік шалып жараланғанын хабарлады. Өрт Афинаның шығысы мен батысындағы ормандарда ауа температурасы 40 градустан асып, аңызақ жел тұрғанда тұтанып отыр.

Өрт сөндірушілер жаралылардың кейбірінің халі ауыр болғандықтан, құрбандар саны артуы мүмкін екенін айтады.

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас өртке байланысты Босния-Герцеговинаға сапарын тоқтатты. Ол елдің басқа аймақтарындағы құтқару қызметін өртке жұмылдыруға пәрмен беріп, Еуропа Одағы мен әскерилерден өртті сөндіруге көмек сұрады.

Афинаның шығысындағы өрттен Мати елді мекені демде өртеніп кетті. Ал портты Рафина қаласында өрт қаланың шетінен орталығына қарай ауып барады. Жүздеген тұрғын үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды.


Қатты ыстық пен желден Афинадан батысқа қарай орналасқан, туристер көп келетін Кинетан қаласына жақын жерде өрт шықты. Өрт түтіні 40 километр қашықтан байқалады. Аймақ орманды болып келеді және демалыс үйлері көп салынған.

Грекияда 2007 жылдан бері мұндай ауқымды орман және дала өрті болмаған. Сол жылы Пелопоннес түбегінде болған өрттен ондаған адам қаза тапқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG