Accessibility links

GW: 2017 жылы әлемде 200-ден астам экобелсенді қаза тапты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

2017 жылы ауқымды ауыл шаруашылығы және тау-кен жобаларына қарсы шыққан 200-ден астам белсенді қаза тапты деп хабарлады 24 шілде күні Ұлыбританияда орналасқан Global Witness (GW) құқық қорғау ұйымы.

GW былтыр 22 мемлекетте 207 белсендінің жерді кофе және пальма майын өндіруге пайдалануға қарсы шыққан кезінде қаза болған. Ұйым белсенділерге жасалған шабуылды есепке ала бастаған 2001 жылдан бері мұндай көп белсенді қазасы тіркелмеген.

Ұйым есебінде 53 белсендінің қазасына үкімет қауіпсіздік күштері жауапты екеніне дәлелдер бары айтылады. "Азаматтар құқықтарын қорғап, табиғаттың бұзылмай сақталуын талап ете бастаған кезде олардың үнін қатыгездікпен тұншықтырады" дейді ұйым өкілі Бен Лизер.

2017 жылы 207 белсендінің 57-сі Бразилияда, 48-і Филиппинде қаза тапқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG