Accessibility links

Шымкентте экс-директор прокурорды сотқа берді


Еңбекші аудандық сотының ғимараты.

24 шілдеде Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты бұрынғы мектеп директоры Элмира Тілеуованың Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің үстінен түсірген арызын қарай бастады. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлайды.

Түркістан қаласындағы Майшай Әбенова атындағы мектептің экс-директоры прокурорды жазған өтініш хатына уақтылы жауап бермегені үшін сотқа берген.

Алғашқы отырысқа Нұрғалым Әбдіров келген жоқ. Оның орнына сотқа прокуратура өкілі Нұрлан Әлімқұлов қатысты. Судья Ерғали Мәуленов шағымданушы Элмира Тілеуовадан облыс прокурорына жазған хаттарының түпнұсқасын тапсыруды сұрады. Шағымданушы хаттарды алдағы отырысқа алып келетінін айтты.

Элмира Тілеуованың Азаттыққа айтуынша, 2017 жылы Түркістан қаласының прокурорының ұсынысы негізінде Майшай Әбенова атындағы мектеп директоры қызметінен босатылған. Қала прокурорының ұсынысы қаншалықты заңды екеніне баға беруін сұрап облыс прокурорына хат жазған.

"Түркістан қаласының прокуроры ұсыныс тастап, жұмысымнан босатты. Мұның қаншалықты заңды екенін білсем деймін. Ол үшін әуелі облыс прокурорына жазған хатыма жауап бермеу заңсыз екенін дәлелдегім келеді" дейді ол.

Келесі сот отырысы 26 шілдеде өтеді.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG