Accessibility links

Путинге қарсы жазба жариялаған белсенді үкімі өзгеріссіз қалды


Белсенді Владимир Егоров

Ресейдің Тверь облыстық соты Ресей президенті Владимир Путинге қарсы "Вконтакте" әлеуметтік желісінде жазба жариялағаны үшін сотталған жергілікті белсенді Владимир Егоровқа қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы "Агора" халықаралық құқық қорғау тобының заңгері Светлана Сидоркина хабарлады.

Егоровқа интернет арқылы "жария түрде экстремизмге шақырды" деген айып тағылған және маусым айында екі жыл шартты жазаға кесілген еді. Сот үкімі бойынша белсенді веб-сайттарға модерация жасай алмайды, оның дербес компьютерінің жүйелік блогы да тәркіленген. Егоров өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

"Яблоко" партиясының белсендісі Владимир Егоров белгісіз біреулер осы аймақтағы үйін өртегеннен кейін 2017 жылдың жазында Ресейден кетуге оқталған. Ол шабуылды өзінің оппозициялық қызметімен байланыстырған. Беларусьтен саяси баспана сұраған белсенді көп ұзамай Ресейге экстрадицияланып, қамауға алынған еді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Алматының "Буревестнигі" СССР чемпионы болған кез
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:58 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG