Accessibility links

АҚШ-та ірі алаяқтық іс бойынша қазақстандықтар да айыпталған


Нью-Йорк қаласы
Нью-Йорк қаласы

АҚШ-та ірі алаяқтық іс бойынша айыпталғандар арасында үш қазақстандық та бар. Сейсенбі күні АҚШ-тың Әділет департаменті жариялаған баспасөз баянында олардың 23, 27 және 47 жаста екені, Нью-Йорктің халық көп шоғырланған Бруклин ауданында тұрғаны айтылады. Жалпы айыпталушылардың саны - 25. Олар - Әзірбайжан, Грузия, Украина, Түркия, АҚШ, Латвия азаматтары.

Айыптау қорытындысында айыпталушылардың "көлік сатамыз" деп интернетке жалған жарнама іліп, адамдардан алдын-ала ақша алып ізін жасырып отырғаны баяндалады. Олар осы мақсатта ондаған жалған фирма ашып, азаматтарды алдаған. Мұндай әрекеттерін 2016 жылдың қараша мен 2018 жылдың шілде айы аралықтарында жүзеге асырған. Бұл жалған фирмалардан азаматтарға келген шығын көлемі 4,5 миллион долларға бағаланады.

Мұндай қылмыс бойынша АҚШ-та 20-30 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG